Үш күнге арналған болжам: 30 градус аяз болады
Синоптиктер 2022 жылдың 11-13 қаңтарына жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Қазгидромет мамандары 11, 12, 13 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де Солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп жатыр. 20-25 градус, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз сақталады.
«12 қаңтарда Солтүстік және Оңтүстік циклондардың әсерінен қар жауып, боран соғады, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімге көтеріледі. Алайда 13 қаңтарда суық Солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, солтүстік-батысқа, солтүстікке, шығысқа, елдің орталығына қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі», – делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы 2-10 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.