USD
USD
USD

Үш елдің үкімет басшысы Киевке барды

  Польша Премьер-министрі Матеуш Моравецкий, Чехия үкімет басшысы Петр Фиала  және Словения Премьері Янез Янша Украина президенті Владимир Зеленскийге қолдау көрсетіп, Киевте бас қосты.

Үш елдің үкімет басшысы Киевке барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Польша премьер-министрімен бірге Украина астанасына осы елдегі билеуші партияның жетекшісі Ярослав Качиньский де келген. Бұл Укрианада соғыс басталғалы ең жоғарғы деңгейдегі шетелдік қонақтардың сапары болып отыр. Тараптар басқосуда Украинаға одан әрі қолдау көрсету мен Ресейге санкциялар және өзге де мәселелерді талқылады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Біз бұл мемлекеттер мен олардың басшыларына толығымен сенеміз. Сондықтан олармен бірге қауіпсіздік, еліміздің болашақтағы Еуроодаққа мүшелігі, санкциялар мәселесін талқыладық. Біз қарастырған мәселенің бәрі жүзеге асатынына сенімдіміз. Мақсатымыз – елдің қауіпсіздігі мен жарқын болашағы.

Матеуш Моравецкий, Польша премьер-министрі:

– Еуропалық Одақ Украинаға ұйымға мүше болуға кандидат мәртебесін беруі тиіс. Жай шақырып қана қоймай, отанын қорғау үшін қару-жарақ жағынан көмектесуі керек. Біз сіздің елді барынша қолдаймыз. Өйткені сіздер өз үйлеріңіз бен бостандығыңыз үшін ғана емес, біздің де қауіпісіздігіміз үшін күресіп жатырсыздар. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов