USD
USD
USD

Үш баласымен бірге асылып өлді: Маңғыстау облысындағы жан түршігерлік өлімнің жай-жапсары айтылды

Ақтаудағы жан түршігерлік қайғылы оқиға болды. 38 жастағы ер адам үш баласын өз қолымен асып, артынша өзі де асылып өлген. Полицейлер ер адам әйелімен жанжалдасып, ажырасудың алдын алу үшін қорқынышты қадамға барған деп болжап отыр. Ал көршілерінің айтуынша, олар қарапайым отбасы болған, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Үш баласымен бірге асылып өлді: Маңғыстау облысындағы жан түршігерлік өлімнің жай-жапсары айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ерлі-зайыптылар наубайханада жұмыс істеген.

"Балалары, күйеуі, әйелі - көрші ретінде тәп-тәуір адамдар еді. Қайсысы жұмыс істегенін білмеймін, олар көлікпен жүрді. Әрине, бұл мені қатты есеңгіретті", - дейді көршісі Елизавета Музыка.

Полицияға да бірінші болып көршілері хабарласқан. Ол терезеден қозғалыссыз тұрған бейнені байқаған. Полиция қызметкерлері келген соң әйнекті сындырған. Олар пәтерге кірген соң сегіз және бес жасар мен сегіз айлық сәбидің мәйітін тапқан. Олардың қасында әкесі де асылып тұрған.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.