USD
USD
USD

Үш ауысымды мектеп мәселесі алдағы 5 жылда шешіледі

Бүгін «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына орай, бас партияның Шымкент қалалық филиалы өкілдері басқарма басшысы Жанат Тажиеваның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалуы бойынша баяндамасын тыңдады.

Үш ауысымды мектеп мәселесі алдағы 5 жылда шешіледі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Жиынға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бекайдар Төлегенов пен қалалық мәслихат депутаттары және мектеп директорлары қатысты.

Айта кетейік, қаламызда жылдан-жылға халықтың демографиялық өсімі байқалады. Бұл жағдай өз кезегінде білім нысандарына деген сұранысты арттырып отыр. Осыны ескерген Ж.Арысбекқызы бес жылда үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін тауып, жаңадан 72 мектептің ел игілігіне берілетінін атап өтті. Сонымен бірге, басқарма тарапынан мұғалімдердің біліктіліктерін арттыруға да басымдық беріліп отыр. Бұл ретте басқарма басшысы жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесін 30 пайызға арттыру мақсатында жүйелі жұмыстардың жүргізіліп отырғанын жеткізді.

Қазіргі таңда оқушылардың қауіпсіздігі де басты назарда. Алдағы уақытта басқарма тарапынан мектептерді адамның келбетін танитын турникеттермен 100% қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Жиында алдағы уақыттарда да Ж.Тажиева Жол картасы бойынша басқармаға тиісті бағыттардың барлығы өз деңгейінде сапалы әрі уақытылы орындалатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек