USD
USD
USD

Үш ай ішінде Түркістан облысында жол көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тапты

Түркістан облысында үш ай ішінде жол көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тауып, 139 адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш ай ішінде Түркістан облысында жол көлік оқиғаларынан 50 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері Түркістан облысының аумағында 127 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 50 адам қаза тауып, 139 адам түрлі дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, автокөлікті мас күйінде басқару, көлікті басқару құқығы жоқ кәмелетке толмағандарға беру, сондай-ақ жол бойында төрт-түліктің қараусыз жайылуы болып отыр.

Бүгінде профилактикалық жұмыстардың барысында тәртіп сақшылары ауыл аймақты аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Басты мақсат - тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелерін түсіндіру.

Бүгін Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаев Сауран, Созақ аудандарында болды.

Жергілікті тұрғындарға жол ережелерін түсіндірген полицейлер жолдарда мұқият болу қажеттігін ескертіп, көпшілікті жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай