USD
USD
USD

Үш жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы: Жамбыл облысында «Система» жүйесі әшкереленді

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында оқушылар арасында өзіндік иерархиясы, бағыну қағидалары мен жазалау тәртібі бар «Система» деп аталатын бейресми құрылым әрекет еткен.

Күдікті
Фото: Бас прокуратура/Видеодан кадр

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Бас прокуратура мәлімдеді. Қадағалаушы орган ақпарынша, оқушылар арасындағы бопсалау жүйесі үш жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауына алып келген. 

«Жиналған дәлелдемелер жиынтығы бопсалау әрекеттері мен үш кәмелетке толмағанның қазасы арасында себеп-салдарлық байланыс бар екенін көрсетеді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлар «Система» бейресми құрылымы жойылып, жеті күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

дәлелдер
Бас прокуратура

Екі күдіктіге Қылмыстық кодекстің қорқытып алу жене өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша айып тағылып, екеуі де күзетпен қамауға алынды.

Тағы бес күдіктінің әрекеттері қорқытып алу бабы бойынша сараланып, оларға өзге бұлтартпау шаралары қолданылды.

23 қазанда қылмыстық іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Сонымен қатар прокурорлар құзыретті органдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізді. Қазіргі уақытта олар қаралуда.

Еске салсақ, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында биыл бес айда бес жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсап қаза тапқанын жазған едік. Ауылдың ай сайын дерлік бір баладан айырылып, қаралы күй кешіп отырғанын редакциямызға тұрғындардың бірі хабарлаған еді. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растап, бұл деректер бойынша бес қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған болатын.

Жалпы облыс бойынша 2026 жылдың алғашқы алты айында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің жеті дерегі тіркелген. Жыл басталғалы бергі төрт айда тіркелген 7 (6 ұл, 1 қыз) жағдайдың бесеуі Қордай ауданында, біреуі Т.Рысқұлов ауданында, біреуі Байзақ ауданында орын алған. Соның ішінде 3 жасөспірім 12-13 жас аралығында, 7 жасөспірім 15-17 жаста болған.

Қазір оқып жатыр

«Азық-түлік жинаудың қажеті жоқ»: министр «цифрлық апокалипсис» туралы

Түлік

Павлодарлық «Ертіс» жеке инвесторларға берілді: жыл сайынғы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге

 «Ертіс» ойыншылары

Өрт сөндірушілердің жолын бөгеген көлік иелеріне айыппұл салынады

Өрт сөнідуші

Ақкенженов: «ЖЭО-лар қысқы жүктемеге шыдайды»

Жылу электр орталығы