USD
USD
USD

Үш облыста жол жабылды

 Еріген қар сулардың салдарынан Қарағанды және Ақмола облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді.  

Қазавтожол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлімдеді.

2025 жылғы 21 наурыз сағат 20:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы бойынша «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы бойынша «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырым аралығы.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 159 арнайы техника мен 290 маман жұмылдырылды.

 

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы