USD
USD
USD

«Үш қоңыр» тыңдарманды есті әнмен сусындатты

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Үш қоңыр» тобының «Ұлы елім» атты шығармашылық кеші өтті.

Топ
Фото: "Алатау" дәстүрлі өнер театрының баспасөз қызметі

Аталмыш трио алғаш Қаскелең аудандық мәдениет үйінің ән-күй ансамблінің әншілерінен құралған. Айсәуле Қайырғазина, Нариман Әбдрахманов, Ерғали Ағайдаров өнер ұжымының негізін қалаған қарлығаштар. Топтың негізгі ұстанымы – халық әндерінің қаймағын бұзбай, тығдарманға нақышында жеткізу.

«Үш қоңырдың» репертуары да ауқымды. Ғасырлардан тамыр тартқан халық әндері мен халық композиторлары Ақан сері, Біржан сал, Мұхит, Үкілі Ыбрай сынды дәстүрлі ән өнерінің негізін қалаған Арқа, Жетісу, Батыс мектебінің туындыларын қамтиды.

Т
"Алатау" дәстүрлі өнер театрының баспасөз қызметі

Кеште өнерпаздар ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ ән өнерін жаңаша түрлендірген ақын-сазгерлердің туындыларын да орындады. Атап айтар болсақ, Нұрғиса Тілендиев, Теміржан Базарбаев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Мансұр Сағатов сынды теңдесіз композиторлардың шығармалары жиылған жұрттың құлақ құрышын қандырды.

Т
"Алатау" дәстүрлі өнер театрының баспасөз қызметі

Шәкірттерін құттықтап келген Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Еркін Шүкіман мен Айгүл Қосановалар жүрекжарды тілектерін айтып қана қоймай, әннен шашу шашты.

Ардақ Оразғалиұлы

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны