USD
USD
USD

Үш қазақстандық гимнаст әлем чемпионатының финалына өтті

Спорттық гимнастикадан Джакартада (Индонезия) өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды.

Милад Карими
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Милад Карими еркін жаттығуларда 14.133 ұпай жинап, төртінші нәтижемен финалға өтті. Сондай-ақ кермедегі жаттуғаларда 14.200 ұпай еншілеп, ақтық сынға шықты.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығудың іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, ең жоғары көрсеткіш - 14.700 ұпаймен бірінші орын алды.

Сонымен қатар ат снарядындағы жаттығулардың финалында Зейнолла Ыдырысов (14.300 ұпай) өнер көрсетеді.

Өкінішке қарай, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патонин және Ілияс Әзізов финалға шыға алмады.

Айта кетейік, еркін және ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалдық бәсеке 24 қазанда өтеді. Ал кермедегі жаттығуда жүлдегерлер 25 қазанда анықталады.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов