29 Қыркүйек 16:52
...

Үш бала зорлаған 5 жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалмақ

қылмыс
Фото: kaz.orda.kz

Қостанай облысында 8, 12 және 13 жастағы балалар зорлаған бес жасар қыздың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалмақ. Әйелге желіде қызына қастандық жасағандар туралы ақпаратты айтқаны үшін айып тағылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Оқиға туралы қыздың анасы "Не молчи" қорына айтып берген. Деректерге сүйенсек 6 шілде күні анасы 5 жасар қызына жаңа велосипед әкеліп қуантпақ болған. Ойнап жүрген қызын біраз іздеп таба алмаған. Кейін қызы алба-жұлба киіммен қолында бір қап ойыншықтармен өзі үйге қарай келген.

“Анасы қатты қорққанынан қызына ұрысқан. Қазір сол әрекетіне қатты өкінеді. Себебі ол кезде қыздың да жағдайы нашар болған. Ол ештеңе айтпаған және тұйықталып қалған. Кейін біраз күннен соң ғана боған жайтты атасына айтып берген.

Анықталғандай үш бала бүлдіршінді қамыс арасына әкетіп екеуі ұстап тұрып, қыздың жыныс мүшелерін ұстаған. Қарсыласып жылағанда таспен ұрған. Үш ұл да қызға зорлық көрсеткен. Кейін ешкімге айтпауы үшін бір қап ойыншық берген”, – делінген жазбада.

Астана адвокаттар алқасының адвокаты Илья Лунев бұл оқиғаның күтпеген жалғасы болғанын жазды.

"14 жасқа дейінгі балалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны белгілі, сәйкесінше қылмыс жасағандар ешқандай жазаға тартылмады. Мұны жақсы түсінсе де тергеу әлі де шексіз сараптамалар жасап, жауап алуда. Жәбірленуші қыздың жанын одан әрі жаралауда. Енді бес жасар жәбірленушінің анасының үстінен чаттардың бірінде ұлдардың есімдерін атағаны үшін қылмыстық іс қозғағысы келеді!"- деп жазды заңгер инстаграм желісінде.

Лунев Қылмыстық кодекстің 423-бабы "сотқа дейінгі іс жүргізу немесе жабық сот талқылауы туралы мәліметтерді жария ету" туралы айтып отырғанын түсіндірді. Қыздың анасы екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.