USD
USD
USD

USAID-тың барлық қызметкері 30 қыркүйекке дейін жұмыстан босатылады

USAID-тың кейбір функциялары 1 шілдеге дейін АҚШ Мемлекеттік департаментіне беріледі.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Reuters агенттігінің мәліметінше, USAID-тің барлық шетелдік миссиялары 2025 қаржы жылында (АҚШ-та 30 қыркүйекте аяқталады) жабылады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио агенттікті қайта ұйымдастыру барысында USAID-тің кейбір функциялары 1 шілдеге дейін Мемлекеттік департаментке берілетінін мәлімдеді. Ол сондай-ақ «[АҚШ] әкімшілігінің басымдықтарына сәйкес келмейтін» басқа функциялардың тоқтатылатынын айтты.

Еске салсақ, 2025 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі күтпеген жерден АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілетін шетелдік көмектің басым бөлігін 90 күндік шолу жүргізу үшін тоқтатып тастаған болатын.

Ақ үй USAID-тің ондаған жылдар бойы миллиардтаған долларды бақылаусыз, пайдасыз және күмәнді жобаларға жұмсағанын алға тартып отыр.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау