USD
USD
USD

US Open: Анна Данилина миксте жартылай финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

US Open: Анна Данилина миксте жартылай финалға жолдама алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, BEGE. Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге ширек финалда қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен кездесті.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте тай-брейкте олар жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:2).

Бір сағат 42 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Данилина – Х.Хелиоваара 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдалана алды. Қытайлық-бельгиялық дуэт 8 эйспен көзге түсті.

Анна мен Харридің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors