USD
USD
USD

US Open: Бублик төртінші айналымда Синнерге қарсы ойнайтын болды

АҚШ ашық чемпионатының үшінші кезеңінде Александр Бублик (АТР рейтингінде – 24) америкалық Томми Полды (АТР – 14) 7:6(7:5), 6:7(4:7), 6:3, 6:7(5:7), 6:1 есебімен ұтты.

Б
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Кездесу 3 сағат 40 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Александр 22 эйс жасап, 12 қос қателік жіберді және 8 брейк-пойнттің үшеуін тиімді пайдаланды.

Қазақстандық теннисші төртінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі. Бұл қос спортшының корттағы жетінші ойыны болмақ. Екеуі барлық корт төсенішінде ойнап үлгерген:

  • Көгалда Бублик алда – 2:1 (екеуінде ол Синнерді Галледегі турнирде жеңген).
  • Топырақта артықшылық Синнерде – 1:0 (Ролан Гаррос ширек финалында).
  • Хардта италиялық 2:0 есебімен басым (Майами мен Дубай турнирлеріндегі жеңістер).

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы