USD
USD
USD

Уролог-андролог: Вакцина еркектігіңді қорғайды

Вакцинация еркектің ұрпақ жалғау қабілетін қорғайды

Уролог-андролог: Вакцина еркектігіңді қорғайды
Фото: NEGE.kz

. Бұл туралы уролог-андролог Джевдет Карамамуд-Оглы айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Experts Hub Kazakhstan жобасы сарапшыларының дөңгелек үстелі барысында ол коронавирус инфекциясы ер адамдардың қозу әрекетсіздігінің дамуына себеп болуы мүмкін екендігіне қатысты зерттеулердің бар екендігін айтты.

«Қозу әрекетсіздігіне алып келуі мүмкін факторлар спекторы барынша ауқымды. Оның барлығы коронавирус инфекциясын бастан кешіргеннен кейін орын алады», - дейді уролог.

Оның түсіндіруінше, қозу әрекетсіздігінің басталуына коронавирус инфекциясын бастан кешіргеннен кейінгі күйзеліс, гипоксияның ұзаққа созылатын ықпалы, гемодинамиканың бұзылуы, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысының нашарлауы себеп болады.

«Сондықтан осындай жайт орын алуы мүмкін. Ал вакцинация ер адамның денсаулығын қорғаудың бір тәсілі саналады», - деді Джевдет Карамамуд-Оглы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың жеке деректері тарағаны рас па? Мәдиев жауап берді

Киберқылмыс

Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Ерсайын Нағаспаев

Талғарда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан паспорт үшін заңсыз ақша алған

қос азаматтық

Бектенов: мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды пайдалануы керек

Олжас Бектенов