USD
USD
USD

Ұрланған телефон 5 жылдан кейін табылды

Елорданың полиция қызметкерлері қала аумағында ұрлық жасау күдігімен 6 адамды ұстады.

Ұрланған телефон 5 жылдан кейін табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Базар» жедел алдын алу шарасының үш күнінде полицейлер қылмыс жасау күдігімен 268 адамды тексеріп, олардың ішінде қылмыс жасау күдігіне іліккен 6 адамды анықтады, 2 қылмыс ашылды. Шара барысында полиция қызметкерлері қала базарларын тексеріп шықты. Ұялы телефондарды сатып алып, сатумен айналысатын 40 дүңгіршекті және телефон жөндеумен айналысатын 34 шеберхананы тексерді«, – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, «қылмыстық заттар« санатында 1800-ден астам ұялы телефон тексерілген. 9 телефон тәркіленіп, өндіріске алынған қылмыстық істерге қатысты материалдарға тіркелген.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері 2015 жылы Алматы қаласында ұрланған 1 телефонды тауып, иесіне қайтарған.

Операция барысында 20 адам, оның ішінде 5 адам «ұрланған телефондарды сатып алумен және сатумен айналысатын тұлғалар« санатына жіктелген.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция

Қашағанның активтеріне салынған шектеудің бір бөлігі алынды

Қашаған

Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланды

Студент қыз

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу