USD
USD
USD

Ұрланған көліктер сатылып кеткен

Петропавлдың тәртіп сақшылары Ресейде ұрланып, іздеуге қойылған екі машинаны анықтады.

Ұрланған көліктер сатылып кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда патрульдік полиция батальонының экипажы ресейлік тіркеу нөмірін таққан «Seat Leon» автокөлігін тоқтатқан.

Машинаның құжаттарын тексеру кезінде оның ұрланғанын, РФ ІІМ Түмен облысы бойынша басқармасы көлікті 2 қыркүйек күні іздеуге қойғаны анықталды.

Осы дерек бойынша материал жиналып, «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеушілер көлікті қашан, кімнен алғаны жайында әйелден жауап алды.

Оның айтуынша, көлікті сатып аларда тексермеген, яғни оның ұрланғанын білмеген. Тергеу аясында сараптама жүргізіліп, техпаспорт пен автокөлік vin-кодының сәйкестігі тексеріледі.

Оның іздеудегі автокөлік екендігі анықталған жағдайда СҚО полицейлері материалды ресейлік әріптестеріне жібереді. Ал көлік заңды иесіне қайтарылмақ.

«Цифрлық технологияны қолдану патрульдік полицейлердің жұмысын оңтайландырды. Электронды планшет арқылы олар әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі мәліметтер базасына кіре алады. Олар қалада жүріп келе жатып-ақ мемлекеттік нөмірін базаға енгізіп, көлікке қатысты сақтандыру, техникалық байқау сияқты бар мәліметті ала алады. Шетелдік тіркеуі бар көлік мінгісі келетін автожүргізушілерге оны алмас бұрын мұқият тексеру қажеттігін еске саламын», – дейді Петропавл қалалық ПБ ППБ командирі Қанат Әлімжанов.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.