USD
USD
USD

Ұрланған көлікпен мал ұрлағандар ұсталды

Түркістан облысының Келес аудандық полицейлері рейд кезінде 10 шақты үйден мал ұрланған қылмысқа қатысты бірнеше күдіктіні қолға түсірді. Олар малдан бөлек көлікті де ұрлап мінген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрланған көлікпен мал ұрлағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аудандық полиция аймақта мал ұрлығын тоқтату мақсатында базарларда тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырады. Онда әрбір сатылатын малдың құжаттары тексеріледі. Сондай рейдтердің бірінде полицейлер 10 шақты үйден мал ұрлаған қылмыстық топты анықтады. Олар базарда кезіккен.

Сатып тұрған қойларына тиісті құжаты болмапты. Сол мезетте мән-жайды анықтауға бекінген сақшылар әлгі әккілердің ұрланған қойды сатып тұрғанын біледі. Тергей келе полицейлер екі күдіктінің осыған дейін мал ұрлығына қатысты тіркелген 9 қылмысқа қатысы барын анықтады.

Жалпы келген шығын – 2,5 миллион теңге.

Күдіктілер кінәсін мойындап, ұрлыққа бірге барғандарын айтты. Күдіктінің бірі – Сарыағаш ауданының, екіншісі – Мақтаарал ауданының тұрғыны. Екеуі де бұрын істі болған.

Ұрлаған малды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып отырған. Келестік полицейлер олардың мал тиеп жүрген көліктерінің де ұрланғанын анықтады.

Күдіктілер Шымкент қаласы көшелерінің бірінде тұрған “Opel Vectra” автокөлігін заңсыз айдап кеткен. Ұрланған көлікті өзінің мемлекеттік нөмірімен айдап жүру қауіпті екенін ойлаған әккілер басқа бір тұрғынның машинасына тиесілі нөмірін жасырын алып, сонымен жүрген. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Күдіктілер қамауда.

Аталған жайттар ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы “Ұрлық” пен 188-1-бабы “Мал ұрлық” бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді

«Әділет» партиясы

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында төрт теміржолшының қазасына кінәлілерге үкім шықты

сот үкімі

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?

МӘМС