USD
USD
USD

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды

Теміртау қаласының тұрғынына ұрланған көлігі қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 5 қарашада Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны арызданып, көліктің ұрланғаны туралы хабарлады.

Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрады. Көлік гаражда болғаны белгілі болды. Белгісіз біреу гаражға кіріп, көлікті ұрлап кеткен.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 18 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұрланған көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайында FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер зардап шекті

өрт шықты

Қазақстан КТК терминалындағы танкерлерге жасалған шабуылдардан кейін мұнай өндіруді қалпына келтірді

мұнай өндірісі

Қазақстандықтарға Малайзияға кіруге рұқсат берілмеу жағдайы жиілеген: СІМ мән-жайды түсіндірді

Малайзия

Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды

.