USD
USD
USD

«Үркер» сыйлығына өтінім қабылданып жатыр

«Үркер» сыйлығына өтінім қабылдау 2 қарашада аяқталады.

«Үркер» сыйлығына өтінім қабылданып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Медиа дамыту қорының» мәліметінше, осы күнге дейін арнайы құрылған комиссия 200-ден астам өтінімді қабылдаған.

Биылғы статистика көрсетіп отырғандай, ең көп өтінім «Жыл танымдық материалы», «Жыл сұхбаты», «Жыл репортажы», «Жыл аналитикалық материалы» номинациялары бойынша келіп түсті.

Конкурстық жұмыстарды саралап, әділ бағасын беретін тәуелсіз қазылар алқасының құрамына еліміздің беделді журналистері, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және биыл алғаш рет халықаралық медиа-сарапшылар енді.

Қазылар алқасының бірі, халықаралық медиа-менеджер, «Detaly.co.i» израильдік сайтының бас редакторы Эмиль Шлеймович конкурс туралы пікірін бөлісті.

«Жеке өз басым бұған дейін журналистік байқаулардың қазылар алқасы құрамында болып көрмедім. Бұл тәжірибе мен үшін қызықты әрі құнды тәжірибе болмақ. Журналистер қауымы үшін арналған аталмыш бәйге маңызды деп білемін, өйткені тәуелсіз мемлекеттерде БАҚ-та жұмыс істейтін журналистердің еңбегін объективті бағалау қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Жалпы, өз басым өзге елдердегі барлық журналистерге құрметпен қараймын, себебі - біз әріптестерміз. Қазақстан жас мемлекет. Соған қарамастан сіздің медиа сала бәсекеге қабілетті және елдің Орта Азиядағы мемлекеттердің арасында жетекші роль алатынын да мойындаймын. Барлық әріптестеріме және байқауға қатысушыларға – кәсіби шыңдарды, техникалық және қаржылық дамуды, өз қызметтерін орындау барысында барынша қауіпсіздікті шын жүректен тілеймін» дейді ол.

Қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы ең мықты мамандарды анықтап, 13 қарашада марапаттау рәсімінде жеңімпаздардың есімін жариялайды.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Мұхтар Шаханов

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Сарбаздар, Қазақстан әскері

Жанабыловтар прокурормен келісімге келуге өтініш білдірді

блогерлер

Қазақстандық компания Еуроодақ санкциясына ілікті

Санкция