USD
USD
USD

«ҮРКЕР-2025» ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР-2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылданады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Үркер
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

— Өтінімдер 2025 жылғы 1-20 қазан аралығында қабылданады. Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады, — делінген ведомство хабарламасында.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

– Жылдың үздік сұхбаты
– Жылдың үздік репортажы
– Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
– Жылдың үздік журналистік зерттеуі
– Жылдың үздік аналитикалық материалы
– Радиостанциядағы үздік жоба
– Жылдың үздік фотосуреті
– Жылдың үздік жаңалықтар порталы
– Жылдың үздік өңірлік БАҚ
– Жылдың үздік подкасты
– Жылдың үздік YouTube-арнасы

Айта кетейік, жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР — 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы — баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы