USD
USD
USD

Ұрылар да карантинде отыр екен

Алматы облысында пәтер ұрлығының саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Биыл облыстағы пәтер ұрлықтарының жалпы саны 39,7 пайызға төмендеген, оның 91 пайызы жеке тұрғын үйлерде орын алған ұрлықтар болса, көпқабатты үйлердегі ұрлықтар саны 8,7 пайызға азайған.

Ұрылар да карантинде отыр екен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Өзгенің мүлкін қолды қылуға жасалған талдау барысында пәтер ұрлықтары терезелерді сығымдау, кілттерді таңдау, есіктерді бұзу, сондай-ақ желдеткіштер арқылы ішке ену және кейбір жағдайда емін-еркін кіру арқылы орын алатыны анықталды. Сонымен қатар, полиция ақпараты бойынша пәтер ұрлықтарын ашу көрсеткіші 10 % жақсарған. Олардың ішінде бұған дейін жасалған қылмыстар да бар. Сонымен қатар, жыл басынан 28 қылмыстық топ құрықталып, өзгенің мүлкін қолды қылудың 81 дерегіне қатысы бары дәлелденді. Сондай-ақ, қолға түскен пәтер ұрлығына машықтанған 19 қылмыстық топтың 52 ұрлық жасағаны әшкере болды. 9 барымташылар тобы анықталып, олар жасаған 29 мал ұрлығының 13 дерегі ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.

 

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты

Пәтер кілті