USD
USD
USD

Юрий Ильин Ақмола облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады

Төтенше жағдайлар министрі Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарын аралап шықты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Юрий Ильин Ақмола облысындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. inbusiness.kz таратқан мәліметке сәйкес, Ю. Ильин Есіл өзеніндегі, Астана су қоймасындағы, Астана контрреттегішіндегі, Жібек Жолы ауылындағы, 42-разъездегі жағдаймен танысты.

Бұл аумақтарды қар басып жатыр. Астана су қоймасы мен Есіл өзенінің акваториясында мұз әлі ерімеген. Су қоймасында ағыс байқалмайды. Мұз жылжу қаупі әзірше жоқ. "Қазгидромет" РМК ғарыштық мониторингінің деректері бойынша республикада қар жамылғысының ауданы – 45%. Қазір Қарағанды және Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстік аудандары мен Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының барлық дерлік аумағында қар жамылғысы жоқ.

Бұған дейін "Қазгидромет" алдағы тәулікте күн 28 градусқа дейін жылынып, 8 өңірде өзен суы көтерілетінін болжады.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент