USD
USD
USD

Уран кенін кім ұрлаған?

Солтүстік Қазақстанда күзеттің жоқтығынан уран кені тоналған деп мәлімдеді аймақтағы экология департаменті.

Уран кенін кім ұрлаған?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Уран кенінде күзет болмағанын пайдаланып, кендегі қауіпті аймақтарды қоршап тұратын темір шарбақтарды жұлып әкеткен. Ғимараттағы құрылыс материалдары мен түрлі-түсті металлдар да ұрланған», – делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, Айыртау мен Мүсірпеов аудандарында алты уран кені бар. Ондағы жұмыстың бәрі тоқтатылған, бірақ билік қауіпсіздік шараларын қолданбай отыр.

2018 жылы облыс әкімдігі 2019-2020 жылдары қоршауды қалпына келтіру жұмысын жүргіземіз деп шешім қабылдаған. Бірақ мұның тек жартысы ғана орындалған. Аталған екі ауданның билігі кен айналасын қоршауға қаржы бөлу жөнінде өтініш түсірмеген.

Pszsk.info сайтының жазуынша, 2 қыркүйекте сотқа Айыртау ауданындағы кенді қараусыз деп тану жөнінде өтініш түскен. Осыдан кейін жергілікті билік кен айналасын қайта қоршауы мүмкін. Бүгінде бұл аймаққа кез келген адам бара береді.

Басылымның жазуынша, бұл аймақтағы радиация қалыпты көрсеткіштен аспайды.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC