Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Уран байыту деңгейі 20 пайызға артады

Биыл Иран уран байыту деңгейін 20 пайызға арттыруды жоспарлап отыр.

Уран байыту деңгейі 20 пайызға артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің Атом энергиясы ұйымының басшысы Әли Акбар Салихи мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, Иран парламенті өткен жылдың желтоқсанында уран байыту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін заң жобасын бекіткен болатын. Осы құжатқа сәйкес, парсы мемлекеті Ядролық қару-жарақты таратпау туралы халықаралық келісім-шарттан бас тарта алады. Қазіргі уағдаластық бойынша Иран уран байытуды 3,6 проценттен асырмауы тиіс.

Мамандардың айтуынша, 20 процент ядролық заряд жасауға жеткілікті.  Иранның атом энергиясы ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи: "Президентіміз Хасан Рухани осы мәселе бойынша жарлық беретін жалғыз адам. Ол МАГАТЭ-ге арнайы хат жолдап, хабар берді. Біз саусағы шүріппеде тұрған сарбаз сияқтымыз. Қолбасшымыз бас десе, ата саламыз. Уран байытуды 20 процентке арттыруға дайынбыз" деді. 

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы