USD
USD
USD

Уран дауы: канадалық компания Қазақстанмен қайта соттаспақ

Канадалық World Wide Minerals Ltd (WWM) компаниясы Қазақстанға қарсы арбитраждық дауды қайта қарау туралы ресми хабарлама жолдады. Бұл жөнінде WWM президенті әрі бас атқарушы директоры Энн Мари Кэрролл мәлімдеді.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл – WWM-нің Қазақстанда 1990-жылдардың ортасында уран өндіруге салған инвестицияларына қатысты арбитраждық істің үшінші кезеңі.

Бұған 2025 жылғы 28 ақпанда Англияның Жоғарғы соты шығарған шешім себеп болып отыр. Ол кезде Лондон соты арбитраждың канадалық компанияға 54,5 млн доллар өтемақы төлеу туралы шешімін жойып, Қазақстанның ұстанымын қолдаған еді. Алайда WWM өкілдерінің айтуынша, сот екінші арбитраж шешімін тек себеп-салдарлық байланыс пен шығындарды есептеу бөлігі бойынша ғана күшін жойған, ал халықаралық құқықтың бұзылғаны жөніндегі қорытындыларды қайта қарамаған.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, 2019 жылғы қазанда шыққан бірінші арбитраж шешіміндегі Қазақстанның халықаралық құқық пен Канада – СРО арасындағы екіжақты инвестициялық келісімді бұзғаны туралы тұжырымдар әлі де күшінде және қайта қарауға жатпайды.

Энн Мари Кэрролл компания араға 30 жыл салып, арбитражға қайта оралуға мәжбүр болып отырғанын айтты. Оның сөзінше, бұзушылықтарды екі арбитраж растаса да, Қазақстан бұл шешімдермен келіспей келеді. Ал үшінші арбитраж ісін жаңа құрамдағы трибунал қарайды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай