Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Университетіндегі атыс: 8 адам қаза тапты

Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан қаза болғандар саны 8 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Университетіндегі атыс: 8 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы бірнешеуі зардап шеккен», - деп нақтылады агенттік сүйенген дереккөз.

Ведомство мәліметінше, университет аумағында оқ жаудырған – студент. Оның есімі анықталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жарақат алды. Атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның Тергеу комитетінің орталық аппараты тергейтін болады.

Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің прокуроры Павел Бухтояров аттанды. Ол атыс болған жерде тексеру жүргізіп жатқан құқыққорғау және басқа ведомстволардың жұмысын үйлестіріп, қадағалайды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов