USD
USD
USD

Универсиада 2025: Никита Акимов алтын медаль иеленді

Италияның Турин қаласында Қысқы Универсиада 2025 жарысы өтіп жатыр. Халықаралық сайысқа қазақстандық спортшыларда  қатысуда. 

Алимов
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Туринде өтіп жатқан 2025 жылғы Қысқы Универсиадада қазақстандық спортшы Никита Акимов биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық сайыста жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Мирас университетінің студенті Никита Акимов тамаша нәтижемен жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл жетістік ел құрамасының қоржынына үшінші алтынды салды.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының есебінде 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль бар.

Еске салайық, бүгін, 18 қаңтарда Қазақстан спортшылары Туринде шаңғы жарысы, биатлон және мәнерлеп сырғанаудан жарыстарға қатысып, ел намысын қорғауда.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында полиция қызметкерінің жанып жатқан мәйіті табылды

Алматы қалалық полиция департаменті

Қазақстанда зейнетақы жүйесі қалай өзгермек?

Зейнетақы, ақша, есеп

Әскерден мүгедек боп оралған Ербаян Мұхтар қайтыс болды: ДСМ мән-жайды түсіндірді

Ербаян Мұхтар

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.