USD
USD
USD

UNESCO бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтетін Астана халықаралық форумына қатысу үшін UNESCO-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанға келді, деп хабарлады Ақорда. 

UNESCO бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұмыс сапары аясында Одрэ Азуле Түркістан қаласына барып, UNESCO-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді.

Нысанды аралау барысында Мемлекеттік кеңесші, UNESCO және ICESCO істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты.

Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралары жөніндегі ақпаратты үлкен ықыласпен тыңдады.

Қазір оқып жатыр

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс

Футбол федерациясы «Ордабасымен» өткен матчтан кейін «Елімайды», Карповичті және төрешіні жазалады

футболдағы жанжал

Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды

Ақша