USD
USD
USD

Үндістанның соққысынан Пәкістанда 26 адам қаза тапты

Пәкістан билігінің мәліметінше, Үндістанның соққысы нәтижесінде 26 адам қаза тапқан.

И
Фото: АFP

Алматы, NEGE. Пәкістан билігінің мәліметінше, 7 мамыр күні таңертеңгі жағдай бойынша үндістандықтардың ел аумағына жасаған соққылары салдарынан 26 тұрғын қаза тауып, 46-сы жараланған.

Соққылар алты азаматтық нысанаға тиген, олардың ешқайсы әскери база емес. Үндістан бұл соққылардың тек "белгілі лаңкестердің лагерлеріне" бағытталғанын алға тартады.

Пәкістан қорғаныс министрлігінің өкілі әскерилер Үндістанның бес жойғыш ұшағын атып түсіргенін айтты. Үндістан билігі бұл ақпаратты растамайды.

ВВС басылымының дереккөздерінің айтуынша, Кашмир аумағында Үндістан әуе күштерінің үш ұшағы құлаған. Алайда Үндістан үкіметі бұған қатысты мәлімдеме жасамады.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек