USD
USD
USD

Үндістандық әуекомпания Қазақстанға ұшатын рейстерін тоқтатты

Әуекомпанияның мұндай шешім қабылдауына Ирандағы жағдай себеп болған.

әуе рейсі
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Үндістанның IndiGo әуекомпаниясы Х әлеуметтік желісінде Алматыға және кері бағытта рейсін 2026 жылғы 28 ақпанға дейін тоқтатынын хабарлады.

«Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты біз клиенттеріміз бен экипажымызға қауіпсіз және үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін ұшу кестесіне қосымша түзетулер енгіздік. Осы шаралар аясында 2026 жылғы 28 ақпанға дейін Алматыға, Тбилисиге, Бакуге және Ташкентке IndiGo рейстері тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Әуекомпания өкілдері жолаушыларға билет құнын толық қайтарып алу немесе сапардың балама бағыттарын таңдау үшін IndiGo-ның ресми сайтына жүгіне алатынын ескертті.

«Жағдай ушығып бара жатқандықтан, жоспарларымыз үнемі бақылауда болады. Кез келген жаңалықтар мен өзгерістерді байланыс арналары арқылы хабарлап отырамыз», – дейді үндістандық әуекомпания.

Сондай-ақ компания өкілдері сабыр мен түсіністік танытқан клиенттеріне алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?

Абзал Құспан

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл

Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»

Қытай

СҚО-да бюджет қаражатын жымқырғаны үшін ауылдық әкімдік бухгалтерлері сотталды

бюдже қаржысын жымқыру