USD
USD
USD

Үндістандағы ұшақ апатынан 110 адам қаза тапты

Air India әуе компаниясы өздеріне тиесілі ұшақтың Үндістанның батысында апатқа ұшырағанын растады. Boeing 787-8 ұшағы Лондонға бағыт алған, бортта 242 жолаушы болған. Жергілікті TimesNow порталының дерегінше, 110 адам қаза тапқан.

Ұшақ апаты Үндістан
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «110 адамның қаза тапқаны расталды», – делінген хабарламада. 

Air India әуе компаниясы X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде ұшақтың әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырағанын хабарлады. Ұшақ Үндістанның Ахмедабад қаласынан Лондондағы Гэтвик әуежайына бағыт алған.

Рейсте 169 Үндістан азаматы, 53 Ұлыбритания азаматы, бір канадалық және жеті Португалия азаматы болған. Air India компаниясы жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатқанын айтты, бірақ олардың нақты саны жарияланған жоқ. Әуе апатынан кейін Ахмедабад халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Бортта Қазақстан азаматтары жоқ. 

Қайғылы оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ. Ұшақ әуежай аумағынан тыс жерге құлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерден бөлек, шекаралық қауіпсіздік күштері мен ұлттық гвардия да келген.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев