USD
USD
USD

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Қазақстандық веложаттықтырушы Мақсат Аязбаев Үндістанда кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдікке ілінді.

Мақсат Аязбаев
Фото: kcfkz/instagram.com

Астана, NEGE. The Times of India ақпаратынша, ықтимал қылмыстық әрекет 13 қыркүйекте Патиала қаласындағы Нетаджи Субхас атындағы ұлттық спорт институтының аумағында жасалған. Спортшы қыз 18 қыркүйекте полицияға жүгінген. Оның арызынан кейін Үндістанның Қылмыстық кодексі баптары бойынша және кәмелетке толмағандарды жыныстық сипаттағы қылмыстардан қорғайтын POCSO заңы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция жаттықтырушының төлқұжатын тәркілеп, оған іздеу салды.

Аязбаев Үндістан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы ретінде жұмыс істеген және ел құрамасымен Жапонияда өтетін Азия ойындарына баруы тиіс болған. Алайда оған қатысты ақпарат тарағаннан кейін сапарға шығуға берілген рұқсаттың күші жойылған.

Аязбаевқа қатысты жайтқа Қазақстанның Велоспорт федерациясы да пікір білдірді. Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, ол соңғы жылдары Үндістан тарапының келісімшарты бойынша жұмыс істеп, велоспорттан сол елдің ұлттық құрамасын дайындаумен айналысқан.

«Қазіргі уақытта Мақсат Аязбаевтың Қазақстан ұлттық құрамасына ешқандай қатысы жоқ. Жарияланымдарда айтылған оқиға оның Үндістан тарапының келісімшарты бойынша жұмыс істеген кезеңінде Үндістан аумағында болған. Қазір бұл жағдайды Үндістанның құқық қорғау органдары қарастырып жатыр», – делінген хабарламада.

Федерация Үндістандағы тергеу аяқталғанша қандай да пікір білдіруден бас тартты.

 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов