USD
USD
USD

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Қазақстандық дипломаттар Үндістанда ұсталған кемедегі Қазақстан азаматын елге қайтару шараларын жүргізіп жатыр.

Танкер
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің хабарлауынша, Парадип портында ұсталған MT UNITY кемесінде 23 экипаж мүшесі бар. Олардың бірі – Қазақстан Республикасының азаматы. 

«Кеменің ұсталуы кеме иесінің жергілікті жанармай жеткізушісі алдындағы қарызы себеп болған», – деп мәлімдеді СІМ өкілі.

Оның айтуынша,Үндістан Сыртқы істер министрлігіне мәселені шешуге жәрдемдесуді сұрап, тиісті дипломатиялық нота жолданған. 

Қазақстан азаматы да, оның отбасы мүшелері де Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне көмек сұрап өтініш білдірмегені белгілі болды.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі осы жағдайды өз бақылауына алған.

ТАСС ақпаратынша, Unity танкері 11 мамырдан бері Үндістанның Парадип портына жақын маңдағы зәкір тұрағында қамауда тұр. Теңізшілердің туыстарының айтуынша, экипаж мүшелерінің басым бөлігінің еңбек келісімшарттарының мерзімі өтіп кеткен немесе қыркүйекте аяқталады. Кейбір теңізшілер кемеде 10 айдан астам уақыттан бері жүр.

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан