USD
USD
USD

Үндістанда ауруханадан өрт шығып 10 нәресте көз жұмды

Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Джанси қаласында жаңа туған сәбилерді сауықтыру мекемесінде өрт шығып, салдарынан 10 нәресте қаза тапты. Тағы 16-сы ауыр жағдайда. Бұл туралы dw.com порталы хабарлады.

өрт
Фото: dw.com

Алматы, NEGE. Жергілікті билік неонаталдық бөлімшедегі өрттен кем дегенде 10 жаңа туған нәресте қайтыс болған растады. Деректерге сүйенсек, өрт Джанси қаласындағы Махарани Лакшми Бай медицина колледжінің жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде шыққан.

"Жеті дененің кім екені анықталды. Үш дененің кім екені әлі анықталған жоқ", - деді штаттың бас министрінің орынбасары Браджеш Патхак.

Times Now үнділік басылымының мәліметінше, тағы 16 нәресте ауыр жағдайда. NDTV телеарнасының хабарлауынша, өрт шыққан кезде жаңа туған нәрестелерге арналған жансақтау бөлімінде 54 сәби болған.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті