USD
USD
USD

Үндістанда әлемдегі ең биік теміржол көпірі ашылды

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди Кашмир жазығын елдің өзге өңірлерімен жалғайтын Ченаб теміржол көпірінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы uza.uz ақпарат агенттігі хабарлады.

Поезд
Фото: Ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын және теңіз деңгейінен 359 метр биіктікте орналасқан Ченаб көпірі — қазіргі таңда жер бетіндегі ең биік теміржол өткелі болып саналады.

– Ченаб теміржол көпірі — тек инженерлік ғажап туынды ғана емес, сонымен бірге Джамму мен Сринагар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды стратегиялық нысан, – деп жазды Нарендра Моди X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ, Үндістан үкіметі Джамму мен Кашмир одағы аймағында көлік және инфрақұрылым жүйесін дамытуға бағытталған ірі жобаларды іске қосып отыр. Атап айтқанда, Катра қаласында жалпы құны 460 миллиард рупийге (шамамен 5,4 миллиард АҚШ доллары) бағаланған бірқатар инфрақұрылым жобалары басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Моңғолия мен Қытай арасында екінші теміржол бағытының құрылысы басталғаны жөнінде хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза