Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Үндістанда жалпыұлттық карантин жарияланды

Үндістан билігі 25 наурыздан бастап 21 күнге жалпыұлттық карантин жариялады. Бұл туралы халыққа үндеуінде премьер-министр Нарендра Моди мәлімдеген.

Үндістанда жалпыұлттық карантин жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Times of India басылымының хабарына қарағанда, қазіргі жағдайда коронавирустың таралуын тежеу – биліктің әрекетіне тәуелді. «Сондықтан Үндістан үкіметі қауіптің алдын алудың барлық шараларын қатаң жүргізуге әзір» деген Моди отандастарын үйден шықпауға шақырған.

Ол Қытай, АҚШ және Италияны мысалға келтіріп, жұртшылықты тәртіп сақтауға үндеген. Әлемде 4 күннің ішінде 100 мың науқастың тіркелгенін ескертіп, жұқпалы індеттің шын мәнінде үрейлі екенін көптің есіне салған.

Үндістанда 22 наурыздан бастап халықаралық рейстерді қабылдау тоқтатылды. 65 жастан асқан қарттар мен 10 жасқа дейінгі балаларға үйден шықпауға кеңес берілді. Адам көп шоғырланатын сауда және көңіл көтеретін орталықтар жабылған. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА