USD
USD
USD

Үндістанда найзағай түсіп, 17 адам қаза тапты

 Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бихар штатында таяуда күн күркіреп, қатты жаңбыр жауды.

Үндістанда найзағай түсіп, 17 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір тәулікте жай түсіп, 17 адам қаза тапты, олардың көпшілігі егіс алқабында жұмыс істейтін шаруалар. Бұл туралы сенбі күні үнділік БАҚ хабарлады.

Бихардың бас министрі Нитиш Кумар құрбан болғандардың отбасыларына көмек көрсетілетінін хабарлады. Ол адамдарды Төтенше жағдайлар департаментінің ұсыныстарын орындауға және мүмкіндігінше ауа райының қолайсыз жағдайында үйде болуға шақырды.

Метеорологтар алдағы үш күнде Бихар мен Үндістанның басқа аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжады.

Үндістанда муссондық жаңбыр маусымы маусымнан қыркүйекке дейін созылады, бұл уақытта қайғылы оқиғалар да жиі орын алады. Биыл маусым мен шілде айларында Бихарда найзағай соғуынан 60-тан астам адам қаза тапты.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко