Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Үндістанда локдаун енгізіледі

Үндістанда ауа райының қолайсыздығына байланысты локдаун енгізіледі.

Үндістанда локдаун енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемде климаттың өзгеруі адам денсаулығына қауіп төндірді. Ауаның ластануынан дүние жүзінде жыл сайын 7 миллион жан көз жұмады. Мысалы, Үндістан астанасының билігі көк түтіннен қорғану мақсатында мектептерді жауып, локдаун енгізеді. Әлемде ауасы ең лас қаланың бірі Нью-Дели. Үндістан астанасы көк түтінге жиі оранады. 22 миллион тұрғыны бар алып шаһарда ауа сапасы тағы нашарлап, қала билігі мектептерді жауып, локдаун енгізуге дайындалып жатыр. Ауруханаларда тыныс алу жолдары ауырып түскен тұрғындар көбейген. Қалада көлік қозғалысы шектеліп, құрылыс алаңдарының жұмыс күні қысқартылған. Мамандар ауаның ластануына қала шетіндегі көмір электр станциялары мен қоқыс жағу себеп дейді. Өткен аптадағы Дивали мерекесі кезінде отшашу мен бидай сабағын жағу рәсімі де жағдайды ушықтырған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі