USD
USD
USD

Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр

Үндістанның Элуру қаласында үш жүзге жуық адам белгісіз ауруды жұқтырды,  деп хабарлайды Tengrinews The Hans India-ға сілтеме жасап.

Үндістанда белгісіз ауру тарап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Дәрігерлердің айтуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.

Мемлекеттік аурухананың медициналық қызметкерінің айтуынша,  науқастар, әсіресе балалар жүрегі айнығанын айтқан. Біреулерінің сіңірі тартылып қалған.

Енді Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтамақ. Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал жұқтырғандар саны - 300.

Сондай-ақ, тағы бір науқастың қайтыс болғаны айтылады.

Штаттың денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy