USD
USD
USD

Үндістан: Нөсерден қаза тапқандар саны 52-ден асты

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаранчал штатында нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан құрбан болғандардың саны 52-ден асты деп хабарлайды The Economic Times басылымы.

Үндістан: Нөсерден қаза тапқандар саны 52-ден асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресми мәліметтерге сәйкес, қираған ғимарат үйінділерінен тағы алты мәйіт табылған. Бесеуі хабар-ошарсыз кетті деп есептеледі, 17 адам түрлі жарақат алған.

Өлім жағдайларының көпшілігі үйлердің қирауынан болған деп айтылған. Уттаранчал штатының Найнитал қаласында 28 адам қаза тапқан.

Утаранчал штатынан Химачал-Прадеш штатының Киннаур ауданындағы Чхиткул ауылына бет алған 11 адамдық трекинг тобы нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан ресми түрде жоғалып кеткендердің қатарына кірмеді.

Үндістанның табиғат апаттарына қарсы ұлттық күштер Утаранчал штатының су басқан аймақтарындағы жүздеген адамдардың құтқарылғаны туралы хабарлады. 17 құтқару тобын Федералды күштер жіберді.

Қазір оқып жатыр

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

.

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела