Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Үнді штамының антиденелерден «жалтару» қабілеті анықталды

Коронавирустың үнді штамының жаңа «қабілеті» анықталды. Ол адам ағзасындағы антиденелерден жалтара алады.

Үнді штамының антиденелерден «жалтару» қабілеті анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы америкалық Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова айтты, – деп хабарлайды Lenta.ru.

Маманның айтуынша, әдетте жасуша вирус жұқтырған кезде оны бөліп, сыртқа шығады. Бұл жағдайда оған антиденелер шабуыл жасап, оны бейтараптандырады. Бірақ бірнеше жасуша құра алатын вирустар да бар (синцития). Яғни, ол жасушаны бұзбайды, керісінше басқаларымен бүйірлесіп қосылады. Егер вирус осылай жасаса, онда антиденелер оны мүлдем көрмейді.

«Антиденелерден бұлай қашу аурудың даму жылдамдығын арттыратын күшті инфекциялық процеске әкеледі», – деді профессор. Сонымен қатар, Баранова синцития үнді штамының ерекше қасиеті болуы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» әзірлеушісі вакцинаның үнді штамына қарсы тиімділігі төмен екенін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті