USD
USD
USD

Үнді халқын коронавирус пен қара зең аурулары екі жақтан қыспаққа алды

Коронавирус аздай, енді ел азаматтарын қара зең деп аталатын дерт жалмап жатыр. Осыған байланысты елдің екі штатында төтенше жағдай орнаған.

Үнді халқын коронавирус пен қара зең аурулары екі жақтан қыспаққа алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдағы уақытта мұндай режим енгізген өңірлер саны айтарлықтай артуы мүмкін. Себебі көп ұзамай қара зең Үндістанның орталық бөлігіне таралады деген қауіп бар. Мукормикоз немесе қара зең ауруы. Оның қауіпті болғаны сонша, бірнеше күнде адамның тым-титығы қалмай, іштен жанып тынады. Қатерлі дерт қазір дәл осылай үнді халқын қырып жатыр. Небәрі бір аптада елдің екі штатын жалмап үлгерген. Осыған байланысты екі өңірде де төтенше жағдай орнады. Бар күшті коронавируспен күреске сарп еткен ауруханалар шұғыл түрде жаңа бөлімше құрып, ковид-науқастар мен мукормикоз құрбандарын жіктеп жатыр. Себебі дәл осы аурудың таралуына коронавирус түрткі болды деген болжам бар. Бір-ақ аптада ол бет тіндерін жойып жібере алады екен. Одан дер кезінде арылмаса, мүгедек боп қалу қаупі де бар көрінеді.

  Қара зеңнің тез таралуына жергілікті климат жақсы жағдай жасап отыр. Себебі бұл ауруға жылу мен жоғары ылғалдылықтан басқа ештеңе қажет емес. Үндістандағы күн райы қазір тап сондай. Ауа қапырық әрі ылғалды. Бұған қоса, көптеген азаматтың иммунитеті коронавирус кесірінен әлсіреп қалған. Сондықтан қара зең үшін Үндістан таптырмас мекен болып тұр. Әзірге мукормикозбен нақты қанша адамның ауырғаны белгісіз. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің ақпарына сәйкес, олардың саны бірнеше жүз адам делінеді. Бірақ адам құқығын қорғаушылар мукормикозбен мыңдаған азаматтың ауырып қалғанын айтады. Қалай болғанда да, қазір бірнеше штаттың басшылығы қара зеңді ресми түрде қауіп деп тануға дайын тұр. Ауруханаларда шұғыл түрде ковид-науқастар тексеріліп, ағзаларында вирустың бар-жоғы анықталып жатыр. Коронавирустың салдарын білу үшін аурудан айыққандар да жұмылдырылуы мүмкін.

 Мәселен, қант диабеті немесе қатерлі ісікке шалдыққан азаматтар үшін қара зең өлім қаупін тудырады. Өйткені ол бірнеше күн ішінде мұрынның өкпе мен мидың шырышты қабығын жойып жібере алады. Дәрігерлердің айтуынша, мукормикозбен ауырғандардың дені 40-тан асқандар екен. Өз кезегінде, үнді билігі әзірге ел аумағында қара зеңнің ошағы жоқ екенін айтып, тұрғындарды дүрбелең туғызбауға шақырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

.

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Президент

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек

Айдын Рахымбаев