USD
USD
USD

Үміткер сайлаушылармен кездесті

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Амандық Ғаббасов өз сайлаушыларымен, еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында үміткер тұрғындарға өзі және өзінің еңбек жолы, сайлауалды бағдарламасының мәні мен мазмұнын таныстырды.

Үміткер сайлаушылармен кездесті
Фото: NEGE.kz

1969 жылы 2 ақпанда Ойыл ауданының Ойыл селосында дүниеге келген А.Ғаббасовтың білімі жоғары, мамандығы — энергетик. Қазіргі уақытта аймақтық электоэнергия құрамының, яғни Хромтау электро жүйесінің басшысы қызметін атқарады. Еңбек жолын 1988 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бастаған үміткердің мақсаты – өз саласы бойынша ауданның электр жүйесін тиімді, сапалы жағдайда тұтынушылардың пайдалануына мүмкіндік жасау, жеткізу.
Амандық Ғаббасовтың Nur Otan партиясы құрамына қабылданғанына биыл алтыншы жыл. Қазіргі уақытта халық қалаулысы ретінде сайлаушыларының өтініш-тілектерін іс жүзіне асыруға ықпал етеді.

– Цифрлық технология – қазіргі дәуіріміз. Сол озық технологияның бар пайдасын ауданның әр сала өндірістеріне терең қолдану әдістерін өзімнің сайлауалды бағдарламама енгізген болатынмын. Бұл мүмкіндікті шалғайдағы ауыл-аймақтардың тұрғындары да тұтынуы, меңгеруі қажет. Жас мамандарды осы сандық технология мамандығы бойынша оқыту және үйрену қаблетіне қарай жұмыс орнына орналастыруға ықпал етуіміз керек, — деді мәслихат депутаттығынан үміткер А.Ғаббасов.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан үміткерге сауалдар жолданып, ұсыныс-пікірлер де айтылды.
Оның айтуынша, бүгінгі көзқарас, әрине саяси жағдайда орнықты.

– Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылдарға қарағанда, қазір көш ілгерілеушілік бар. Біз жарқын дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде аудан халқының саны артып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқаты әлдеқайда жақсарды. Тұрмыс-тіршілігімізді одан әрі жақсарту мақсатында мен сияқты әр үміткер өз бағдарламасында жүзеге асырылатын  нақты іс-шараларды көрсетіп, жоспарларымен бөлісіп жүр. Өз басым, халық игілігі үшін жарамды әрі тиімді жұмыстардың сөз жүзінде қалмай, орындалғанын қалаймын, – деді үміткер.  
Кездесу барысында ол аудан бойынша электр жүйесі саласын жаңарту жұмыстары тиімді жүргізіліп жатқанын, алайда бұл бағытта бірқатар шаруаның өз шешімін табуы үшін уақыт қажеттілігін айтты. Ол «Энергосистема» мекемесі  тарапынан мұндай жұмыстардың оңтайлы шешілуі үшін арнайы жоспар жасақталып, оған инвестициялық қаржы бөлуге, өндірістік нұсқаулар негізінде  аудан әкімшілігімен бірге іс-шаралар жобасын дайындауға ықпал етуге дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ, үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық жағдайды жақсартуға да атсалысатынын айтып өтті. «Біз үшін қоршаған ортаның қалыптылығы өте маңызды. Яғни, экологиялық жағдайды мейлінше сақтауымыз керек. Адамның ең бірінші қорегі – таза ауа. Сондықтан ауаның бұзылмауына жол бермеуіміз қажет», – деді А.Ғаббасов.
Мәслихат депутаттығына үміткер Амандық Ғаббасов сайлаушылармен кездесу барысында ауданда көгалдандыру жұмыстарын қолға алатынын, әсіресе айналаны жасыл желекке бөлеу, жас көшеттер егіп, гүлзарларды, саябақ алаңдарын көбейтуге ат салысатынын атап өтті.
Бүгінгі таңда өндіріс орындарында еңбек дауларының өршуі, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру бағытындағы әңгіме де кездесуде айтылған өзекті тақырыптардың бірі болды. Депутаттықтан үміткер А.Ғаббасов өз сөзінде:
– Егер депутат  ретінде сайлансам, өндіріс орындарындағы кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын жетілдіруге атсалысар едім. Себебі мұндай ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейтіп, еңбеккерлердің ұжымдық келісшарттарының сақталуы әрі оның орындалуы, оларды әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек құқығының қатаң сақталуын қадағалап, қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салуымыз керек, — деді үміткер.
Сонымен қатар, ол сайлаушылармен кездесу барысында халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігіне ерекше алаңдаушылық білдіретінін жеткізді. Бұл орайда үміткер бақылау камералары құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына едәуір жеңілдік тигізіп отырғанын айтып өтті. Сондықтан ол көше тәртібін сақтау, көлік жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтауы ең маңызды шара екенін айтты. Соған сәйкес ол  қазіргі қолданыстағы бақылау қондырғыларын соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жаңартып, қала, аудан көлемінде олардың санын көбейту қажет дегенді жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Хромтау аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов