Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Үміткер: Қоғамдық көлік саны артады

"Nur Otan" партиясынан аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Ақбаян Таймұханова "Дина" супермаркетінде тұрғындармен экспромт кездесу өткізіп, хромтаулықтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сайлаушылардың сауалдарына жауап берді. 

Үміткер: Қоғамдық көлік саны артады
Фото: NEGE.kz

Ең алдымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, мәні мен маңызын жеткізген аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Ақбаян Таймұханова дамудың жеті басымдықтарының ішінен Экономикалық тұрақты аймақ және Жастарға арналған аймақ бағыттарын талдап, түсіндірді. 

Өз кезегінде шаһар халқы үміткерге қоғамдық көлік мәселесін көтерді. 

- Қазіргі таңда қаламыз күннен-күнге көркейіп, гүлденіп келеді. Сондықтан қоғамдық көлік мәселесі өте өзекті. Жаңадан бой көтеріп жатқан 22-квартал ықшам ауданына бүгінде қоғамдық көлік сынақ мерзімде тұрғындарды тасымалдаумен айналысып жүр. Алдағы уақытта қоғамдық көліктердің саны артып, бұл мәселе оң шешім табады,- деді аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Ақбаян Мұратқызы. 

Сондай-ақ, қала халқы үміткерге иесіз үй жануарларының көбейіп бара жатқанын, құзырлы мекемелердің шара қолдануын бақылауға алуды ұсынды. 

Кездесу соңында алдағы науқанда сайлаушыларды белсенділік танытуға шақырған үміткер "Nur Otan" партиясына дауыс беруге үгіттеп, тұрғындарға арнайы жаднамалар үлестірді.

"Nur Otan" партиясы Хромтау аудандық сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф