USD
USD
USD

«Ұмытылмас сәт» – Криштиану Роналду қақпаға 30 метр жерден гол салды

Сауд Арабиясы чемпионатының 14-ші туры аясында «Әл-Наср» өз алаңында «Аль-Ахдудты»қабылдады. Алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті.

«Ұмытылмас сәт» – Криштиану Роналду қақпаға 30 метр жерден гол салды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Ойын барысында Криштиану Роналду екі рет гол соқты. Әсіресе, португалиялықтың екінші голы көпшіліктің есінде қалды. Роналду қақпаға 30 метрден доп салған. «Ұмытылмас сәт», - деп жазды Әл-Насыр футбол командасы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін 38 жастағы португалдық футболшы 2023 жылы өз клубы мен Португалия құрамасы үшін матчтарда 48 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Осылайша, Роналду өз мансабында оныншы рет гол+пас жүйесінде 60+ ұпай жинады.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы