USD
USD
USD

«Ұмай» мен «Жасыл ипотекаға» 90 млрд теңге бағытталады: бағдарлама шарты қандай?

Отбасы банк Азия даму банкінен 90 млрд теңге көлемінде қарыз алу туралы келісімге қол қойды. Бұл қаражат «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары бойынша тұрғын үй несиелерін беруге бағытталады.

Ұмай
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Банк мәліметінше, алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам несие беру жоспарланған.

«"Ұмай" бағдарламасы аясында дайын бастапқы тұрғын үйді де, құрылыс кезеңіндегі пәтерді де сатып алуға болады. Сондай-ақ 2016 жылдан ерте салынбаған қайталама нарықтағы пәтерлерді алуға мүмкіндік бар. Қатысушылар тұрғын үйді сатып алу мен жөндеуге бір несие рәсімдей алады», – делінген хабарламада.

Егер баспана Алматы немесе Астана қалаларынан алынатын болса, банк пәтер құнының 80%-на дейін несие береді. Қалған 20% бастапқы жарнаны қатысушы өзі тікелей сатушыға береді.

Егер тұрғын үй басқа өңірлерден сатып алынса, банк пәтер құнының 85%-на дейін несие береді, ал қалған 15% бастапқы жарнаны бағдарламаға қатысушы өзі тікелей сатушыға төлейді.

  • Максималды несие сомасы – 50 млн теңге;
  • Отбасының жалпы таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс;
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Сондай-ақ «Ұмай» бағдарламасы бойынша қарыз алушы тұрып жатқан тұрғын үйді жөндеуге бөлек несие ала алады:

  • Жөндеуге берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге.
  • Банк депозитіне бастапқы жарна – 0%-дан 50%-ға дейін.
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

«"Ұмай" бағдарламасы арқылы сатып алынған тұрғын үй міндетті түрде әйелдің атына рәсімделеді. Егер ол некеде болса, жылжымайтын мүлік ортақ меншік ретінде тіркеледі. Оған қоса қарыз алушыларды тартуға болады», – дейді банк өкілдері.

«Жасыл ипотека» бағдарламасына қатысушылар да дайын бастапқы нарықтағы дайын баспананы да, құрылыс кезеңіндегі тұрғын үйді де сатып ала алады. Сондай-ақ қайталама нарықтан пәтер алуға мүмкіндік бар.

Маңызды шарт – сатып алынатын тұрғын үй «жасыл стандарттарға» сай болуы және OMIR сертификаты (күміс, алтын немесе платина деңгейі) болуы тиіс.

Бұл ретте тұрғын үй сатып алу мен жөндеуге бір несие рәсімдеуге болады.

«"Жасыл тұрғын үйді" сатып алу үшін банк пәтер құнының 80%-на дейін несие береді. Қалған 20% бастапқы жарнаны қарыз алушы сатушыға тікелей төлейді», – делінген хабарламада.

  • Максималды несие сомасы – 50 млн теңге.
  • Отбасының жалпы таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс.
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Қарыз алушы тұрып жатқан тұрғын үйді жөндеуге бөлек несие ала алады.

  • Жөндеуге берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 15 млн теңге.
  • Банк депозитіне бастапқы жарна – 0%-дан 50%-ға дейін.
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

Қатысушылар төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми табысын көрсетуі тиіс. Тұрғын үйді тіркеудегі мекенжайыны қарамастан, кез келген өңірден сатып алуға болады. Сондай-ақ қатысушының атында басқа баспананың болуы кедергі емес.

«Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламаларының нақты іске қосылатын күні әлі белгісіз. Банк өкілдері мұндай ақпарат қосымша хабарланатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Тоқаев

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Айбек Оралбай

Санкциялық яхталар, хром және ескі қазақстандық схема: Йылдырымдар туралы оқиғаның екінші бөлімі

Йылдырым

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды

Нұрбек Оралбай