USD
USD
USD

«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталды

Отбасы банк әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады.

Жаңа шарттары
Фото: Otbasy bank.kz

Астана, NEGE. Бағдарламаға қатысу үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Өтінімді жеке кабинет арқылы онлайн беруге болады. Осы орайда әр азаматша банк менеджерімен бейнеқоңырау арқылы байланысып, бағдарлама шарттары бойынша кеңес алуға және өтінімді қашықтан рәсімдей алады. Онлайн өтінім беру кезінде электрондық құжаттардың болуы жеткілікті.

«Ұмай» аясында тұрғын үй сатып алуға 50 млн теңгеге дейін, ал баспананы жөндеуге 15 млн теңгеге дейін несие қарастырылған.

Бағдарламаға отбасының орташа айлық таза табысы 1,25 млн теңгеден аспайтын әйелдер қатыса алады. Қарыз алушының төлем қабілетін бағалау кезінде соңғы алты айдағы ресми кірісі есепке алынады.

Ипотеканың жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 14,8%. Ал несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,3–16,8% аралығында.

Жалпы «Ұмай» бағдарламасы бойынша 45 млрд теңге көлемінде ипотекалық қарыз беру жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова