USD
USD
USD

«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау жарты күнде аяқталған

Бүгін таңертең Отбасы банк «Ұмай» әйелдер ипотека бағдарламасына өтінім қабылдауды бастаған еді. Түске таман өтінімнің көптеп түсуіне байланысты науқан тез арада тоқтатылды, деп хабарлайды Отбасы банктің баспасөз қызметі.

«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау жарты күнде аяқталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұмай» әйелдер ипотекасының тартымды шарттары барлық сату арналарында үлкен сұранысқа ие болды. Біз несие беру лимиті күннің алғашқы бөлігінде таусылады деп күткен жоқпыз және өкінішке қарай, Қазақстан бойынша өтінім қабылдауды жабуға мәжбүр болдық. Азия даму банкімен ынтымақтастықтың осындай табысты тәжірибесі әлі жалғасады деп үміттенеміз. Барлық жаңалықтарды Instagram және YouTube арқылы айтып отырамыз. Түске дейін өтінім беріп үлгерген бақытты жандарды құттықтаймыз және баспана туралы армандарыңызды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз», - деп жазды Отбасы банк.

Сондай-ақ, Отбасы банк бұл жобаны әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жобаны сол шарттар бойынша жалғастыру үшін Азия даму банкімен келіссөз жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG