USD
USD
USD

«Ұмай» бағдарламасына қайта өтініш қабылдана бастады

 «Отбасы банкінде» әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасына қайтадан өтініш қабылдана бастады.

«Ұмай» бағдарламасына қайта өтініш қабылдана бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаржылық ұйым жобаны жетілдірген. Енді баспанаға инвестиция құйғысы келетін қыз-келіншектердің отбасылық табысы бұрынғыдай 320 мың теңге емес, 640 мың теңгеден аспауы тиіс. Салымшының қолында тұрғын үй құнының 15-20 проценті болса, қалғанын банк арқылы рәсімдеуге болады. Азиялық даму банкінің «Отбасы банкіне» берген несиелендіру бағдарламасы былтыр қолға алынды. Жиыны 38 млрд теңге көлемінде бюджет қарастырылған. Бүгінге дейін бөлінген 8,5 млрд теңгеге 954 әйел баспаналы болды.

Марина Орынбаева, «Отбасы банк» АҚ Бизнесті дамыту басқармасының басшысы:

– Бұл бағдарлама сұраныс тапқаннан кейін 2022 жылы бөлініп отырған бюджеттің көлемі 14 млрд құрап отыр. Екінші транш бөлінген кезде бағдарламаның жаңа шарттары бойынша отбасылық табысы әйел азаматтың 640 мың теңгеден аспаса, бағдарламаға қатыса алады.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді