USD
USD
USD

Ұлттық ұланның жауынгерлері Жаңаөзендегі нөсердің салдарын жоюға көмектесуде

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның "Батыс"өңірліқ қолбасшылығы 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көшелерді, тұрғын үйлерді, аула алаңдарын және мектептерді су басу салдарынан болған қатты жауын-шашынның салдарын жоюға көмек көрсетуде.

Ұлттық ұланның жауынгерлері Жаңаөзендегі нөсердің салдарын жоюға көмектесуде
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Жаңаөзенде Ұлттық ұланның "Батыс"өңірліқ қолбасшылығы 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көшелерді, тұрғын үйлерді, аула алаңдарын және мектептерді су басу салдарынан болған қатты жауын-шашынның салдарын жоюға көмек көрсетуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.  

Арнайы қызметтер ұйымдардың коммуналдық қызметтерінің арнайы техникалары мен су айдау құрылғыларын тарта отырып, жаңбыр суларын сору жұмыстарын жүргізуде. "Топан су салдарын жоюға қатысу үшін әскери бөлім командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары майор Берікбол Тақыровтың басшылығымен 60 әскери қызметші және 3 бірлік техника көмекке тартылды. Құтқару жұмыстары барысында ұлаңдықтар су басудың алдын алу үшін үйлердің айналасына құм салынған қаптар салды, сондай-ақ жол көшелерін нығайту жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 6-7 мамырда Жаңаөзенде 88 үйді, 43 аула аумағын, 27 көшені, үш мектептің, балабақшаның жертөлелерін су басты. Сондай–ақ, жеке сектордың 200 абоненті электрмен жабдықтауды тоқтатты. Жаңаөзен әкімдігі жанынан штаб құрылды.

Қарақия ауданында жаңбыр суы 7 үйге және 4 аулаға зиян келтірді. Маңғыстау ауданында 2 тұрғын үй мен 4 аула аумағы зардап шекті, жауын-шашынның салдары жойылды

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич